"Қара магия": Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сұмдық деректер айтылуда

"Қара магия": Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сұмдық деректер айтылуда
 
Белгілі журналист Ораз Әлімбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазір соты басталған Гүлнәр Бажкеноваға қатысты жұртқа беймәлім деректерді айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Қазақстан медиакеңістігінде редакциялық жанжал шығарып, сойқан фейк ақпараттар тарататын Orda.kz және оның бас редакторы Бажкенова қоғамды дүрліктіретін материалдарды шығаратын ірі конвейер болды ғой. Ол жерде қаншама фейк ақпарат шықты. Қашанғы жалғанды жалпағынан басып, фейк шығарып жүреді дейсің, ол оңбай тұтылды. Өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қалалық полиция департаменті Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс қозғаған.
 
«Фантазер» Бажкеноваға аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу, сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратуға байланысты 12 эпизод бойынша айып тағылыпты. Тінту барысында оның пәтерінен 39,5 миллион теңге және 59 мың АҚШ доллары табылған. Сол уақыттан бері Бажкенова үйқамақта отыр. Одан әрі тексеру барысында Бажкеова фейк таратушы емес, кәдімгі «опытный» алаяқ секілді әрекет еткенін анықтаған. Мысалы, ол директор ретіндегі өкілеттігі мен қаржылық құжаттарға қол қою құқығын пайдаланып, түрлі қызметтерге ақы төлеу деген желеумен компания қаражатын заңсыз жылыстатудың схемасын жасады.
 
Атап айтқанда, 2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы қарашаға дейін серіктестіктің есепшоттарынан үшінші тұлғаға тиесілі жеке кәсіпкердің шотына 84 миллион теңгеден астам қаражат аударған. Бұл қаражат жеке кәсіпкердің есепшотына түскеннен кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, Бажкеноваға беріліп отырған.
 
Негізі, Бажкенованың «біртүрлі» мінез-құлқын әріптестері көптен бері байқап жүрген. Психологиялық ауытқуға оның аутоиммундық ауруын ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде емдетпеуі де белгілі бір дәрежеде әсер еткен. Бажкеноваға «Базедов ауруы» диагнозы қойылған екен. Бұл – иммундық жүйе адамның өз қалқанша безіне шабуыл жасайтын аутоиммундық дерт. Соның салдарынан қалқанша безі гормондарды шамадан тыс өндіреді, бұл өз кезегінде зат алмасу үдерісінің жеделдеуіне және ағзаның қатты улануына әкелуі мүмкін.
Аталған аурудың жиі кездесетін белгілері ретінде қалқанша бездің ұлғаюы, көздің бадыраюы, көз саңылауының кеңеюі, көздің құрғауы, қосарланып көру, қабақтың толық жабылмауы, жүрек қағысының жиілеуі және артериялық қысымның жоғарылауы көрсетіледі.
Бұл дерт адамның психикалық жағдайына да әсер ететіні анық. Тиісті ем қабылданбаған жағдайда ауру эмоциялық тұрақсыздыққа, шамадан тыс тынымсыздыққа, түрлі ұстамаларға, сандырақ секілді психозға дейін алып келеді.
 
Журналист психологқа жүгініп, арнайы емделуді жөн көрмей Алматыда тұратын, Мәскеуден келген көріпкелдің қызметіне жүгінген. Ол сиқыр мен магияға сенгені соншалықты тіпті үйқамақта отырған кезінде де әлгі көріпкелге барып, оған қомақты қаражат жұмсауды жалғастырған.
 
 Олай деуге себеп – Бажкенованың үйінде жүргізілген тінту барысында түрлі магиялық рәсімдерге арналған заттардың көптеп табылғаны. Мысалы, пәтерден руналық белгілер салынған парақтар табылған. Онда күдікті жоғары күштерден аудиториясын көбейтуді, жарнама берушілерді тартуды және шексіз ғұмыр сұраған көрінеді. Сондай-ақ Orda.kz символикасы бейнеленген жазбалар мен фотосуреттердің жылтыр ұнтақпен, тұзбен және үй иесінің биологиялық бәле-бірдеңелерімен себілген.
 
Бұдан бөлек, саясаткерлер мен кәсіпкерлердің фотосуреттерін, сыртында «KOMPRA» деген жазуы бар көк дәптерді және лубрикантты тапқан. Кәдімгі үйінде ритуалдар жасаған ғой.
Негізі, ауруы мен қара магияға әуестігі себебінен Бажкенова объективті шындықпен байланысын жоғалтып, түрлі астыртын сөз байласу теорияларын ойлап шығара бастайтын секілді, айналасындағы адамдардың бәрінен жау көрген және өз қиялынан туған тұжырымдарға өзі шынайы сенген. Сөйтіп, өзі «трансқа» түскенімен қоймай жанынан шығарған ертегісіне қоғамды сендіруге де тырысқан", - деп жазды Ораз Әлімбеков. 
Барлық жаңалықтар