"Қазақстанда қара қытай қаптауда" деген әлеуметтік желідегі қызу пікірталасқа қатысты депутат Дәулет Мұқаев өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Қазақстанда қытай көбейді, қара қытай басуда". Дәл осы сарында әлеуметтік желі бір шулап өтті. Елімізде ақырындап толатын болды деген секілді де пікерлер көп.
Бірақ қорқатын дым да жоқ. Келушілердің 99%-ы көк тудың астына өтіп жатқан өзіміздің қандастар. Алтайдың арғы жағынан бергі бетіне көшкен қазақтар.
2025 жылы Қазақстанға Қытайдан тұрақты тұруға 2,6 мың адам келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда +29%-ға көп.
Ал 2021 жылы небәрі 249 адам келген еді. Қазір ағын қайта өсіп, екінші жыл қатарынан жоғары деңгейде.
Бірақ бұл әлі рекорд емес: 2008 жылы 6,3 мың адам келген.
Жалпы көші-қон (2025):
Барлығы: 23,8 мың адам
Өзбекстан — 11,8 мың
Ресей — 4,7 мың (–41%)
Қытай — 2,6 мың
Көш көрікті болсын деймін. Өз қандастарымыз келсе тек қуану керекпіз!"деп жазды депутат.