Қарағанды облысында темір жолдарын жөндеуші монтерді пойыз қағып кетті. Ол алған жарақатынан көз жұмған деп жазады Democrat.kz.
Қайғылы оқиға 3 мамыр күні Қарағанды-Сұрыптау станциясы аумағында болған.
Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Желіде тараған ақпаратта марқұмның жол монтері екені айтылған.