Музыка саласының маманы Гүлшат Жолдыбайқызы "Қаражорға" биіне қатысты өз пікірін білдіріп, бұл бидің қазақтың ддүниесі емесін айтты деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында Гүлшат Жолдыбайқызы: "Қазақ мәдениеті деп келген "Қаражорға" биін айтып келдім қазақтыкі емес ойрат пен қимақтыкі деп ал көріңіздер ойраттардың селкілдеген музыкасы да дәркілдеген қалтақтаған биін де.
Енді түсінген боларсыздар шет елден келген қазақтарымыз бас сауғалап қашып барған жағында мсол елдің мәдениетімен синтез жасап келгенін, олар кінәлі емес себебі, бұл мәдениет алмасу бір күнде пайда болмайды ол бір біріне сіңе береді бойлай береді.
Неге қазақстанда үш ғасыр бойы 2000 күй мен 1000 ға жуық халық әні, билеріміз күллі мәдениетіміз сақталып қалады да қаражорға биі еш жерде сақталмаған!?
"Қаражорға" биі хандарымыз қалмақтан қыз алғанда солармен бірге кірген мәдениет деп білемін. Олар өз мәдениетін сағынады, билетеді, баласына үйретеді емес пе ана болғанда.
Ал анасы басқа ұлт бала қанында сақталған екі ұлт ақпаратын жатырқамауы заңдылық болар. Мен Қаражорға биін қазақтыкі деп мойындамаймын!"деп
жазып, видео бөлісті.