Қарақат Әбілдина алғашқы кітабын жарыққа шығарды

Қарақат Әбілдина алғашқы кітабын жарыққа шығарды

Белгілі әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина жетіген аспабына арналған тұңғыш ән жинағын жарыққа шығарды. Жаңа кітап «Қарақат салған қанатты ән» деп аталады. Бұл жаңалықты өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Қарақат салған қанатты ән – атты кітабім жарық көрді, жақсы адамдар! Бұл кітап – жетіген аспабымен орындалатын әндерге арналған ең алғашқы еңбек. Жинаққа репертуарымдағы көне аспаппен орындаған 32 әннің мәтіні, нотасы және QR-код арқылы қолжетімді аудиожазбасы енген», – деп жазды әнші.

Әншінің айтуынша, бұл жинақ – тек оның шығармашылығы емес, сонымен қатар ұлттық өнерге қосқан үлесі. Жетіген аспабына арналған әндер жинағы – қазіргі таңда өте сирек кездесетін басылымдардың бірі.

«Бұл тек менің шығармашылығым емес – қазақ руханиятына қосқан бір тамшы үлесім деп білемін. Өнер жолында өз үнімді, өз ізімді қалдыру – менің арманым еді. Осы туынды – көп армандарымның бірі, соның орындалған сәті», – дейді Қарақат Әбілдина.

Кітап жетіген аспабын үйренгісі келетін жас өнерпаздар мен музыка саласындағы ұстаздар үшін әдістемелік құрал бола алады. Жинақтың әр әніне QR-код арқылы қолжетімді аудиофайлдар енгізілуі – оны тыңдаушылар үшін ерекше ыңғайлы етеді.

 

 

Барлық жаңалықтар