Қарақат пен Қымбат Әбілдиналардың Мөлдір Мұқанованы қолдап жүргендері белгілі, деп жазады Democrat.kz.
Соның тағы бір дәлелі есебінде әнші Әблдина Тұрсынбектің экс-әйелімен ән айтып шықты. Шағын сахнада өнер көрсеткен Қарақат пен Мөлдір бақыт жайлы ән салып, жағалай тұрған жұртты билетті.
Мұны тамашалаған желідегі жұрт «Қарақатты қатты жақсы көріп кеттім. Қандай керемет мейірімді жан. Қыдырәлі аға бақытты адам екен. Керемет жұп!», «Қарақат, Жарайсыз! Қолдау көрсетіп жатырсыз», «Жарайсың, Қарақат! «Әйелді әйел түсінеді» деген осы. Мөлдір алға!», «Қарақат жаны ашитын жан екен», – деп жазды Әбілдинаның әрекетіне сүйсінген көпшілік.
(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)