Ақтөбе облысының Байғанин ауданында табиғаттың тосын мінезі апатқа әкелді. Қарауылкелді ауылында тоғызыншы шілде күні соққан қатты жел алып мұнараны құлатып кетті. Биіктігі 47 метрлік темір құрылғы "Қазақтелеком" мекемесіне тиесілі. Аталған бағана осыдан жарты ғасыр бұрын, дәлірек айтсақ 1975 жылы қолданысқа берілген.
Құлаған антеннада бірнеше байланыс операторының жабдықтары болған. Онда "Кселл" мен "Алтел" желілері және сымсыз телефон құрылғылары орналасқан. Алайда ауыл тұрғындары ұзақ уақыт байланыссыз қалған жоқ. Қазіргі сәтте "Кселл" және "Кар-Тел" операторларының қызметі қайта қосылды. Барлық жүйе қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Халық ұялы байланыс игілігін еш кедергісіз көріп отыр.
Дауылдан келген шығын көлемі әзірге белгісіз. Материалдық залалдың нақты мөлшерін "Қазақтелеком" компаниясының орталық филиалы мен Байғанин ауданының әкімдігі арнайы бағалаудан кейін есептеп шығарады.