Қарттар үйіндегі еркектердің аянышты жағдайы жұрттың жүрегін ауыртты

Қарттар үйіндегі еркектердің аянышты жағдайы жұрттың жүрегін ауыртты

Қарттар үйінде жұмыс істейтін тиктокер Назерке өзі қызмет ететін жерегі әйелдер мен еркектердің жағдайындағы айырмашылық туралы айтып, жұртты алаңдатып қойды деп жазады Democrat.kz.

Тиктокер Назеркенің айтуынша, қарттар үйінде әйелдер мен еркектердің жағдайлары кәдімгідей түрліше болады екен. 

Назерке арнайы видео түсіріп, әйелдер орналасқан бөлмедегі тоңазытқышты ашып көрсетті. Тоңазытқыш іші түрді азыққа толы. Тіпті ішетін тәтті сулары да бар. 

Келесі кезекте еркектердің бөлмесіндегі тоңазытқышты ашып көрсеткен тиктокер ол жерде ештеңе жоғын, бос тұрғанын көрсетті. 

"Қарттар үйінде аналарын іздеп келетіндер өте көп. Анасына келген балалары, немерелері әр келгенінде сырттан түрлі азық түлік әкеледі. 

Өкінішке қарай, әкесін іздеп келетін бала саны өте аз..."деген Назерке балаларға берілетін тәрбиені қадағалауды айтты. 

Барлық жаңалықтар