Қарттар үйіндегі қарияның сағынышы жүректі шымырлатты

Қарттар үйіндегі қарияның сағынышы жүректі шымырлатты

Еліміздегі волонтерлар ұйымының әлеуметтік желідегі парақшасында шыққан жазба жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.

"Кеше біздің волонтерлермен қарттар үйіне барып қайтық . Бұрын мен ойлайтынмын біздің қазақтар ата-аналарын тапсырмайды деп… өкінішке орай 70% қазақ ата-апалар бар екен...

Сол жерде бір атамен әңімелесіп , неге қарттар үйінде тұрып жатқанын айтты. 

Жұбайы қайтыс болғаннан кейін ол мүлде жалғыз қалған. Екі ересек қызы қалада тұрады — бірінің кішкентай балалары бар, екіншісінің күйеуі жиі сапарға шығады екен. Олар үйіне келіп тұрған , әкесін өздерімен бірге тұруға шақырған.

Бірақ ол әр жолы:
— Мен ешкімге салмақ салғым келмейді. Сендердің өз өмірлерің бар, — деп жауап беретін.

Ол біраз уақыт қызының үйінде кезекпен тұрады — бір ай бірінде, бір ай екіншісінде. Бірақ жасы ұлғайған сайын, тіпті «су құйып беру, сыртқа шығарып салу, емханаға апару» сияқты ұсақ-түйек көмектің өзін сұрау оған ауырлай береді.

Бір күні ол ешкімге айтпай, заттарын тыныш жинап, қарттар үйіне кетіп қалады. Қыздарына тек барған соң ғана телефон шалады:
— Уайымдамаңдар, осылай дұрыс болады. Мен сендерді жақсы көремін, бірақ сендерге масыл болғым келмейді, дейді.

Бөлмелес көршісі айтқандай, ол қыздары туралы әрдайым жылы сөйлейді, оларды ешқашан кінәлаған емес. Әлі күнге дейін өзінің дұрыс шешім қабылдағанына сенеді — «балалары тыныш болсын» деп.
Бірақ ата ауылын қатты сағынады екен..

Неге ата-аналар балалары бар болса да, жалғыздықты өздері таңдайды? Бұл – олардың шешімі ме, әлде біздің жауапкершілігіміз бе? 

Сіз қалай ойлайсыз? Деп жазды волонтер. 

Жұрт "Қартайғанда жалғыз қалу оңай емес", "қыздарымен тұра беруі керек еді", "күйеубаланың қолында тұру да дұрыс емес", "жалғыз жабыққанша, қарттар үйінде болғаны дұрыс шығар" деген пікір жазуда.

Барлық жаңалықтар