Қарызы кешірілген кейбір қазақстандықтарды салықтан толық босату ұсынылды

Қарызы кешірілген кейбір қазақстандықтарды салықтан толық босату ұсынылды

Қазақстанда алаяқтардың құрбаны болған немесе ауыр өмірлік жағдайға тап болған азаматтар үшін жаңа жеңілдік қарастырылып жатыр. Мұндай адамдардың банктегі қарызы есептен шығарылса, оларды жеке табыс салығын төлеуден толық босату ұсынылды, деп жазады Democrat.kz⁠.

Қазіргі салық тәртібі бойынша банк кешірген қарыздың сомасы кей жағдайларда қарыз алушының табысы ретінде есептеледі. Соның салдарынан азаматтан жеке табыс салығын төлеу талап етілуі мүмкін.

Үкімет жанындағы талқылауда бұл тәсілді қиын жағдайға тап болған адамдарға қатысты өзгерту ұсынылды.

Атап айтқанда, алаяқтық несие рәсімделген азаматтар, еңбекке қабілетін жоғалтқан, табысы мен мүлкі жоқ немесе өзге де объективті ауыр жағдайға түскен адамдар үшін толық салықтық жеңілдік қарастырылмақ.

Сонымен бірге билік кез келген коммерциялық несиені кешіру автоматты түрде салықтан босатуға себеп болмауы керек деген ұстанымда. Сондықтан «ауыр өмірлік жағдай» ұғымының нақты өлшемдерін заңда бекіту жоспарланып отыр. 

Барлық жаңалықтар