Алматылық жалғызбасты көп балалы ананы мешіт қызметкері қуып шықты деп жазады Democrat.kz.
Келіншектің айтуынша, "тик ток желісінде желі қолданушыларына 1000- теңгеден су мен құрма сатып, оны мешіт жанында тегін таратып едім, осы көрген мешіт қызметкері қуып шықты.
Өзім жалғызбасты көпбалалы анамын, ерекше балам бар, ораза айында кішкене нан пұл тауып және сауапты іс жасайын деп едім, болмады.
Мешіт жанында таратуға болмайды, базарға бар, бұл жерде басқа кісі 420 мыңға ауызашар беріп жатыр деді.
Кешке сол мешітке барсам басқа біреулер сауда жасап тұр. Маған базарға бар , мешіт жанында сауда жасауға болмайды деген еді, неге басқаларға болады ал маған болмайды - дейді жалғызбасты ана.