Қаскелеңде мектепте көз жұмған оқушы жайлы тың ақпарат тарады

Қаскелеңде мектепте көз жұмған оқушы жайлы тың ақпарат тарады

Қаскелеңде бірінші сабақтан кейін оқушы қайтыс болған оқиғаға байланысты жаңа деректер пайда болды деп жазады Democrat.kz. Ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Қаскелең мектебінде қайғылы оқиға болды. Онда тоғызыншы сынып оқушысы үзіліс кезінде көз жұмды. Барлығы педагогтар мен оқушылардың көз алдында болған.

Куәгерлердің айтуынша, 15 жастағы жасөспірімнің кенеттен жағдайы нашарлап кеткен. Әкімшілік бірден жедел жәрдем шақырған, бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады

Мектеп директорының айтуынша, бәрі бірінші сабақтан кейін болған. Тоғызыншы сынып оқушысы басы айналып, жүрегі айнығанын айтқан. Сол сәтте оның жанында әжесі болған, ол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Дәрігерлер тез жеткен.

 Олар баланы қайта тірілтуге тырысқан, бірақ нәтиже болмады. Оқушы оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала нұсқа бойынша, оның миына қан құйылған.

Рысбүбі Дүйсебаева, Қаскелең қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің директоры:

– Балалар оның басы айналып, жүрегі айнығанын айтты. Жедел жәрдем шақырдық. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде жасөспірімнің миында ісік болғаны анықталды. Яғни миға қан құйылған. Бала жақсы оқыды, спортпен айналысты. Өте тәрбиелі, ақылды бала еді. Қақтығыстарға қатыспаған.

 

Барлық жаңалықтар