Танымал спортшы Елдос Сметов Еуропада болған уақыттарда өзі көрген жағдайларды айтып, "біз қызығатын дүние емес" деп сынның астында қалды деп жазады Democrat.kz.
Елдос Сметов: "Еуропада жүріп, бала емес, ит жетектегендерді көрдім. Әйелі қайсы, еркегі қайсы айырып, білмейсің. Сондайларға қарап, Қазақстан бұлай еуропаша дамығанша, дамымай-ақ қойсыншы деп ойладым", дейді.
Спортшының бұл сөзін қолдап жатқандар жоқ емес, әрине.
Десек те, спортшыны "өресі таяз", "ақылы жетпейді" деп сынап жатқандар да аз емес.
«Дамыған мемлекет осындай болса…» деп пафоспен сөйлеп, бүкіл қазақтың атынан қорытынды шығаратын жас жігіттің таяз ойы өз деңгейін өзі әшкерелеп тұр: ол дамуды ғылыммен, технологиямен, құқық үстемдігімен, білім сапасымен, институционалдық тұрақтылықпен емес, бір ғана тар қапасқа — «жұп» туралы қаңқу әңгімеге тығып қойған; Еуропаның дамуы баланы кім жетектейтінімен өлшенбейді, ол инновациямен, экономиканың өнімділігімен, адам құқығының қорғалуымен, әлеуметтік келісіммен өлшенеді, ал сен соның бәрін көрмей, микроскоппен бір ғана детальға қадалып алып, телескоппен көрінетін өркениеттік нәтижелерді жоққа шығарасың; ең күлкілісі — өзіңді ақылгөй көрсетіп, қоғамның алға жылжуын әйел мен еркектің арасындағы қатынаспен ғана шектеп, дамудың күрделі көпқырлы табиғатын түсінбегеніңді сарказмсыз айту мүмкін емес: егер өркениет тек «жұптан» тұрса, онда университеттер, зертханалар, стартаптар, соттар, инфрақұрылым, еркін нарық пен жауапты мемлекет қайда қалды; демек мәселе Еуропада емес, сенің ойлау көкжиегіңде — ол тар, бірөлшемді әрі эмоциямен ауыстырылған білімсіз тұжырымға толы, ал дамыған елдер дәл осындай қарабайыр редукциядан әлдеқашан өтіп кеткен" деген желі қолданушы санасында саңылауы бар кісі түінетін дөп сөзді жазды.