Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың ұлттық киім киіп, алақанын жайып, бата берген видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
Тұрсынбек Қабатовтың оюлы шапан киіп, бата берген видеосы жұрттың ашуына тиді. "Сандық" мейрамханасы жасасын. Қандай керемет мейрамхана. Қазақи, осындай мейрамханалар көп болсын. Шүкір, Аллаһу акбар", - деп бата берген Тұрсынбек Қабатов.
Әйтсе де, жұртқа Тұрсынбек Қабатовтың батасы да, жарнамасы да, тіпті өзі де жақпай қалды.
"сен бата бермей-ақ қойшы", "Тұрсынбек тексіз, елге қатынды айырбастаңдар деп бата бере ме?","өз балаларына бата бере алмаған адам жұртқа бата бермейді", "төрт қатар бата жасап алса, қайтеді" дегенге саятын пікірлер көптеп жазылуда.