"Қазақ аруы" түріне қатысты қысылатынын айтты

"Қазақ аруы" түріне қатысты қысылатынын айтты

«Қазақ аруы -2025» байқауының жеңімпазы Дәрия Қуатжан өзіне қатысты сынға жауап берді, деп жазады Democrat.kz.

«Біреулер мені әдемі десе, екіншісі әдемі емес дейді. Бастапқы уақытта мұны қиынырақ қабылдадым. Оқып алған соң айнаға қайта-қайта қарадым. Мен туралы неге олай айтты деген секілді өзіңе күмәнмен қарап қаласың. Оған дейін ішімде сенімділік ойнап тұрған болатын. Халық көп болғандықтан әркімнің ойы әр түрлі. Қазір етім үйреніп қалды», – деді сырын ақтарып.

 

Барлық жаңалықтар