Қазақ баласы "Барселона" футбол клубының мүшесі атанды

Қазақ баласы "Барселона" футбол клубының мүшесі атанды

Қазақстандық 15 жастағы футболшы Кәрім Меңдіханов әйгілі испандық Барселона клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты  Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық ойыншы жаңа командаға келесі маусымда қосылады.

«Испаниядағы балалар мен жасөспірімдер футболы халықаралық таланттар үшін әлі де тартымды орталық болып қала береді. Соңғы уақытта футболсүйер қауымның назарын өзіне аудартқан жастардың бірі — Кәрім Меңдіханов. Ол  2011 жылы туған қазақстандық жас футболшы, жеткіншек «Барселонамен» келісімшартқа қол қойды, келесі маусымда клуб ойыншыларына қосылады» деп жазылған материалда. 

Кәрім Меңдіханов Испанияға 2022 жылы келген, содан бері каталондық футбол жүйесінде білім алып, жаттыққан.

Жас талант «көк-қызылдармен» келісімшартқа қол қойып, ресми түрде келесі маусымда команда қатарына қосылады.

Барлық жаңалықтар