Қазақ боксының ардагері дүниеден өтті

Қазақ боксының ардагері дүниеден өтті

Вахитов Рафаэль Гайсичтің 98 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақ боксының қайраткері көптеген чемпиондарды тәрбиелеген.

“Қазақстан боксының ардагері Вахитов Рафаэль Гайсичтің 98 жасқа қараған шағында дүниеден озуына байланысты отбасына және отандық бокс қауымдастығына қайғыға ортақтасып, көңіл айтамыз, – делінген Қазақстан бокс федерациясының жазбасында.

Вахитов Рафаэль Гайсич — ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген спорт қызметкері және еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Павлодар облысының тумасы өз мансабында көптеген чемпиондарды, спорт шеберлерін тәрбиелеген.

Барлық жаңалықтар