Қазақ футболы бір сөзді айтқанда ғана жеңіске жетеді

Қазақ футболы бір сөзді айтқанда ғана жеңіске жетеді

Танымал журналист Гүлмария Барманбекова қазақ футболының жеңіске жете алмауына қатысты пікірімен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

"Жолда болып, футболшыларымыздың ойынын көре алмадым. 

Бүгін ұлым ойын барысын жаны күйіп отырып, тәптіштеп айтып берді. Қазақ футболының болашағына сенімді екенін, қазақ деген халықтың аса қабілетті екенін де жасырмады.

Анау аузын айға білеген корольдің алыптары біздің қошақандарды екі шайнап бір жұта ма деп қорқып едім, қайта қайсарлық танытты, төтеп берді деп риза болып отыр. 

Қазақ футболының бел көтере алмай жатуының түпкі себебін де өзінше түсінеді екен. Король клубында ойнайтын футболшыларды жөргегінен тәрбиелейді, бізде баяғы Кеңес заманындағы аулалық балалар футбол клубтарының ізі де қалмады деп күйініп отыр.

Стадионда отырған жанкүйерлерге кәдімгідей ренжулі. “Жанкүйерлер: “Әруақ- әруақ!” деп стадионды тоқтаусыз басына көтеріп отырып алғанда, ата-баба әруағының энергетикасынан бүкіл Алатау теңселіп тұрар еді.

Әруақ деп жауға шапқан қазақтың бұл сөзді естігенде өзгеше арқаланып кетерін, қанша мықты болса да, қарсыластың құты қашарын, қуатты энергетиканың мысы басарын бүгінгі қазақтың түсіне алмайтыны өкінішті!” деді ұлым. 

Мен оның бұл пікіріне таң болдым. Бүгінде “әруақ” деген ұғымның түпкі мәні мен құдіретін ұғар қазақ аз-ау!" Деп жазды Гүлмария Барманбекова.

Барлық жаңалықтар