ТикТок әлеуметтік желісінде еліміздегі медициналық университеттің бірінде оқитын жігіт "ерекше жағдайымен" жұрттың талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Болашақ дәрігерді дайындайтын университеттің студенті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "жүкті қалпындағы" бейнесін жариялап: "Декан аяғы ауырларға сессияда автоматты түрде баға қойылады" деген соң..."деп жазды.
Студенттің бұл видеоны қалжың ретінде жүктегені белгілі. Десек те, "мынау ұят емес пе?", "еркек басыңмен не көрінді", "мұның жарамады" дегенге саятын пікірлермен бірге күлкіге айналдырған сөздер көптеп жазылуда. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)