Қазақ мұғалім стамбулдық әйелге жыныстық шабуыл жасаған

Қазақ мұғалім стамбулдық әйелге жыныстық шабуыл жасаған

Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазақстандық Динар К. есімді мұғалім әріптесіне жыныстық шабуыл жасап, қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды Democrat.kz.

Mynet.com түрік ақпарат порталының жазуынша, қазақстандық Динар К. Стамбулдағы Сарыйер ауданындағы жекеменшік мектепте қызмет еткен. Динар К. әріптесі Мевсим К. есімді әйелді жұмыс бөлмесіне шақырып, әлдебір құжаттарды компьютерден көрсетпек болған. Сол кезде әйелге "әтіріңнің иісі керемет екен" деп тиісіп бастап, бір кезде Мевсимнің омырауларына қол жүгірте бастаған. Өз түсініктемесінде Мевсим "бірінші рет қол жүгірткенінде, қолдарын қағып тастап, қарсылық білдірдім. Алайда екіншісінде бар күшімен омырауларымды қысқаны сондай, дәрігердің анықтамасында да омырауларымның зарар шеккені көрсетілген" дейді. Ал қазақстандық Динар болса, "мен ол әйелге жақындамадым. Құжаттарды көрсетіп, "кофе іш" дегеніне қарамай, шығып кеттім" дейді. Алайда Мевсимнің бұған дейін де мектептің басқарма құрылымына  Динардың әрекеттеріне жасалған жазбаша шағымы қазақстандық мұғалімді сотың алдынан бір-ақ шығармақ. Қазақстандық мұғалімнің әрекетіне алдағы уақытта Түркия соты баға беріп, шешім шығарады. Фото көрнекілік үшін.  
Барлық жаңалықтар