Қазақ мұны баяғыдан білген: Қымыз, саумал ішу кімдерге зиян?

Қазақ мұны баяғыдан білген: Қымыз, саумал ішу кімдерге зиян?

Қымыз бен саумалға құмар адамдарға ақын Дәулеткерей Кәпұлы ескіден келе жатқан қағидалар туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

"Жалпы, жылқы сүтін сүйегі сынған кісілерге көп ішуге болмайды. Қазақ сүйегі сынған кісіге қымыз, саумал мүлде ішкізбеген. Неге? Себебі, жылқы сүтінің қасиеті сол - сүйекті балқытып, тіпті ерітіп жібереді. Сынықшы салған сүйек қисық бітсе, оны қайта орнына келтіру үшін теріс біткен сүйекті саумалға салып, жылқының майына орайды. Сол кезде жылқының сүті мен майы сүйекті жұмсартып, балқытып, ерітеді. Жылқының қымызы мен саумалдың қасиеті - осындай" дейді Дәулеткерей Кәпұлы. 

Барлық жаңалықтар