Қазақ пен орыстың баласы енді чукча болып жазылуы мүмкін?

Қазақ пен орыстың баласы енді чукча болып жазылуы мүмкін?
Белсенді ұстаз Сұлтан Сүлеев ел болашағына төнген тағы бір мәселенің шеті шыққанын айтып, дабыл қақты деп жазады Democrat.kz.
 
Сұлтан Сүлеев өзінің парақшасында: "Конституциялық соттың бастамасы қалай?
 
Енді дейді , бала ұлтын өзі таңдайды . Бұрын мысалы , қазақ пен орыстан туылған бала әке-шешесінің бірінің ұлтына жазылатын. Егер соттың бастамасы қабылданса бала үшінші бір ұлтты таңдауы мүмкін. Қазақ пен орыстың баласы енді чукча болып жазылуы да ғажап емес.
 
Сот мұндай бастаманың себебін былай түсіндіреді. Балалар үйінде тәрбиеленгендер ұлтын таңдауда қиындыққа тап болады екен. Әке-шешесі белгісіз болып,қай ұлтқа жазылатынын білмей қиналады дейді. Құдай ай деп отырмын.
 
Әкесі белгісіз болса да нақты бір әйел сол баланы туған шығар? Соның ұлтын алсын. Жарайды , балалар үйінің есігі алдына тастап кетсін. Кімнің баласы екенін табу милицияға кәзір шесть секунд емес пе?
 
Мұнда бір қоңырсыған саяси астар бар ма деп отырмын. Баяғы ,қазақстандық ұлт құрамыз деген ескі ән сияқты.
 
Шүкір, депутаттарымыз ондай заңды қабылдай қоймас . Абсурд екені депутат емес маған да көрініп отыр"деп жазды.
 
Барлық жаңалықтар