"Қазақ тілі "не интересен" деген спортшының басы дауға қалды

"Қазақ тілі "не интересен" деген спортшының басы дауға қалды

Желіде қазақ тіліне қатысты тағы бір дау шықты. Бұл жолы қарағандылық Кира есімді спортшы қазақ тілін "пайдасыз" тіл дегені үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бәрі спортшының желідегі пікірге жауап беруінен басталған. Ол "қазақ тілін бәрі білуі міндетті" деген пікірге бұл азаматтардың міндеті емес екенін айтқан. 

"Тағы да қайталаймын, Қазақстанда орыс тілі және қазақ тілі деп бөлінеді. Орыстардың көбіне бұл тіл мен мәдениеті қызық емес, өз тіліңізде сөйлеңіз. Бір нәрсе жазудың не қажеті бар, пайдасы жоқ тіл", - дейді спортшы.

Артынша желі қолданушыларының бірі спортшы жаттығатын спорт клубына бұл жағдай туралы айтып, жауап беруін талап еткен.

Олар спортшылары үшін кешірім сұрап, профилактикалық әңгіме жүргізілгенін айтқан. 

Қазақстандықтар құқық қорғау органдары мен спорт министрлігін тегтей бастаған. Олар спортшыға қатысты шара қолдануды сұрады. 

Тағы бір желі қооданушысы "қазақтардың өзінен де бар" дейді. 

"Түпкі себебін түсіндіңіздер ме неге олай айтып жатқанының? Себебі көп жерде өзіміз орысша сөйлесеміз, сондақтанда басқаларда орыс тілін биік қояды ҚАЗАҚ тіліне қарағанда. Жеке менің ойым".

Артынша спортшы кешірім сұрады.

"Достар, шын жүректен кешірім сұрағым келеді. Жуырда мен көптеген адамдардың көңіліне тиген пікір жаздым. Бұл ойланбай, дұрыс емес жазылған пікір болды. Менің сөздерім қазақ тілі мен мәдениетіне қорлау ретінде қабылдануы мүмкін екенін түсінемін.Мен Қазақстанда туып-өстім. Бұл – менің елім, мен бұған мақтанамын. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ол біздің тарихымыздың, мәдениетіміздің және болмысымыздың бір бөлігі. Мен ондай пікір айтуға хақым жоқ еді. Бұл – менің жетілмегендігімнің белгісі болды, және мен бұған ұяламын", - дейді спортшы. 

Ол бұл жағдайдан қорытынды шығарғанын айтады. 

"Қате кеткенімді түсіндірген барлық адамдарға ризамын. Мен қорытынды жасадым және сөздерімде ұқыпты әрі парасатты болуға тырысамын. Тағы да — пікіріммен көңіліне тиген барлық жандардан кешірім сұраймын. Мен үйреніп жатырмын және жақсырақ адам болғым келеді", - дейді ол. 

Барлық жаңалықтар