«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тау-кен шахта жабдығының сенімділігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруда. Осы мақсатта ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге, негізгі тораптарды қалпына келтіруге және кәсіпорындарды қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге компания қосымша 6,7 млрд теңге бағыттады деп хабарлайды Democrat.kz.
Бөлінген қаражат жабдықтың техникалық дайындығын тиісті деңгейде ұстап тұруға, өндірістік үдерістің сенімділігін арттыруға және кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы қаржыландыру көлемінің 1,463 млрд теңгесін ағымдағы жөндеу жұмысына, ал 5,313 млрд теңгесін өздігінен жүретін тау-кен шахта жабдығының негізгі тораптарын күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге бағыттау көзделген.
Қаржыландырудың негізгі бөлігі – жалпы көлемнің 77%-ын құрайтын 5,2 млрд теңгесі – Жезқазған өңірінің кәсіпорындарына бағытталды. Балқаш өңіріне 835 млн теңге, Қарағанды өңіріне 725 млн теңге қарастырылған. Қаражат өндірістік жүктеме көлемін, пайдаланылатын техника санын және өңірлерде жөндеу бағдарламасын іске асыру қажеттілігін ескере отырып бөлінді.
Бағдарлама аясында тау-кен шахта жабдығының 216 торабын қалпына келтіру көзделген. Бүгінде 28 торап толық қалпына келтіріліп, 15 торап жаңасына ауыстырылды. Тағы 80 торап бойынша тапсырыс берілсе, 124 торапқа қатысты жұмыс қолданыстағы шарт сомасын ұлғайту аясында жүзеге асырылуда.
Жөндеу бағдарламасы белсенді кезеңге жетті. Қазіргі уақытта бөлінген қаражаттың 1,216 млрд теңгесі игерілді, тағы 4,797 млрд теңгесі жөндеу жұмысын орындауға бағытталды. Қалған қаражат ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жалғастыруға, тораптар мен қосалқы бөлшектер қорын толықтыруға, сондай-ақ жыл соңына дейін жөндеу бөлімшелерін қажетті материалмен қамтамасыз етуге жұмсалады.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-на тиесілі тау-кен шахта жабдығының паркі 747 техника бірлігін құрайды. Жабдықтардың техникалық дайындық коэффициенті (ТДК) 0,84 деңгейінде. Бұл жоспарлы көрсеткішке сәйкес келеді және өндірістік міндетті орындауға қажетті техниканың дайындық деңгейін және кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Жабдықтың сенімділігін арттыру – Қазақмыстың өндірістік активтерді жаңарту бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі. Компания жөндеу жұмысының көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтып, жөндеу инфрақұрылымын нығайтуда, сондай-ақ кәсіпорындарды қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етіп, техниканы қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға жағдай жасауда.
Қазақмыс 6,7 млрд теңгеге тау-кен шахта жабдығының сенімділігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруда
Фото Қазақмыс.
-
Айнұр Тұрсынбаева жұрт білмейтін шындығын айтып, ағынан жарылды16:00, 20 қыркүйек 2026
118
-
73 жастағы мұғалім сыныпта, жас маман есік сыртында: Мектептегі орынды кім босатуы керек?15:00, 20 қыркүйек 2026
957
-
"Сәрсен Құранбек білім саласынан шеттетілсін!" деген педагогтар шулы мәлімдеме жасады14:00, 20 қыркүйек 2026
939
-
"Қарғысқа ұшырайсың": Желідегі мешіт, медресе үшін садақа сұраушылар жұртты мезі етті13:00, 20 қыркүйек 2026
104
-
Тұрақсыз әлем жағдайындағы жаңа қоғамдық этика және өскелең ұрпақ тәрбиесі12:33, 20 қыркүйек 2026
147
-
"Өзімді өзім тани алмадым...": Анна Данченко жазбасымен жұртты жылатты12:00, 20 қыркүйек 2026
107
-
Тұрсын Алагөзовтің экс-әйелі шулы мәлімдеме жасады11:00, 20 қыркүйек 2026
784
-
«Мені анамның інісі зорлады...»: Айгүл Иманбаева ауыр тақырыпты сөз етті17:00, 19 қыркүйек 2026
1163
-
Тұрсын Алагөзов пен бұрынғы әйелі ауыр сөздермен айтысып қалды(ВИДЕО)16:00, 19 қыркүйек 2026
1355
-
Зекетке түскен ақшаларды қалтасына басқа имамның сұмдық тірліктері әшкере болды15:00, 19 қыркүйек 2026
212
-
"...жоғалтып алдық"деген Н.Назарбаев үлкен қайғысын жеткізді
17:00, 23 маусым 2026
11583
-
-
-
Бір топ азамат министр Сүлейменованың үстінен Президентке шағымданды
11:00, 03 шілде 2026
7645
-
Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды
16:00, 03 шілде 2026
7469
-
"Әйеліне әпермек болды": Тұңғышбай Жаманқұлов туралы масқара ақпарат шықты
15:00, 12 шілде 2026
7084
-
Назарбаевтың Дариға туралы айтқан құпия аудиосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)
15:00, 11 шілде 2026
6337
-
Экс министр Ғани Бейсембаевтың отбасы қара жамылды
11:00, 30 маусым 2026
6138
-
"Мейрамбекпен іштім, Қайраттың інісімен болдым" деген Жузи талайдың артын ашып жатыр
19:35, 13 маусым 2026
5752
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5364