«Қазақмыс» корпорациясы Аягөз ауданының дамуына үлес қосады

«Қазақмыс» корпорациясы Аягөз ауданының дамуына үлес қосады

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері Абай облысының әкімі Берік Уәлимен кездесіп Аягоз ауданындағы әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері талқылады деп жазады Democrat.kz.

Кездесуге Басқарма төрағасының кеңесшісі Әлібек Мұқатаев пен Өңірлік даму департаментінің директоры Медет Дүйсембаев қатысты.

Тараптар «Қазақмыс» корпорациясы мен Аягөз ауданы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында бұрын қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысын қарастырды. Құжат әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Келісім аясында 2026 жылы жалпы құны шамамен 200 млн теңгені құрайтын бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда. Олардың қатарында ауылдық округтегі мәдениет үйін күрделі жөндеу, балалар ойын алаңын салу, сондай-ақ Аягөз қаласында ипподром құрылысы бар.

«Қазақмыс» корпорациясы өз қызметі жүргізілетін өңірлерде әлеуметтік бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Компания инфрақұрылымдық және қоғамдық маңызы бар жобаларды қолдауды ұзақ мерзімді даму стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.

Дереккөз: "Қазақмыс".

Барлық жаңалықтар