Қазақмыс өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту және жұмыскерлердің еңбек етуіне жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда. 2026 жылы жалпы ауданы 1 326 шаршы метр болатын Қарағайлы байыту фабрикасының (ҚБФ) жатақханасы бар әкімшилік-тұрмыстық корпусын (ӘТК) кешенді жөндеуге 214,7 млн теңге бағытталды деп жазады Democrat.kz.
Жөндеу жұмысы 2026 жылғы 2 шілдеде басталып, ғимараттың ішкі бөлмелерін, қасбетін, шатырын, инженерлік жүйесін және басқа да құрылымдық элементтерін жаңартуды қамтыды. Қазіргі кезеңде шатыр жабыны толық ауыстырылып, шатырдың ағаш құрылымына өрттен және биологиялық зақымданудан қорғайтын құрам жағылды.
Сонымен қатар қасбет металл-сайдингпен қапталып, терезелері ауыстырылды. Ғимарат ішінде екінші қабаттағы бөлмелердің орналасуы өзгертіліп, қабырғаның, еден мен төбенің ескі әрлеуі алынып тасталды. Қабырға сыланып, сырлауға дайындалды. Жуынатын және санитарлық бөлмелерде қабырға мен еденге плитка төселіп, биметалдық радиаторлар орнатылды. Тамыз айында ғимараттың шатырын жөндеу, терезелерін орнату жұмысы аяқталып, қасбетін қаптау басталды. Қазіргі таңда бірінші қабаттағы бөлмелердің ішкі әрлеу, сондай-ақ ғимараттың бетонды жиегін орнату жұмысы жүріп жатыр. Іргелес аумақты абаттандыру аяқталды: бақылау-өткізу пунктінен әкімшилік-тұрмыстық корпусқа (ӘТК) дейінгі жолдың асфальт жабыны жөнделіп, қайта төселді. Жоспар бойынша жатақханасы бар ӘТК-ны жөндеу жұмысы жыл соңына дейін аяқталады. 2026 жылы Қазақмыс еңбек жағдайын жақсартуға және әкімшілік-тұрмыстық инфрақұрылымды жаңартуға 2,44 млрд теңге бағыттады. Қаражат әкімшілік-тұрмыстық корпустарды, медициналық пункттерді, жатақханаларды, асханаларды, жуынатын бөлмелерді, зертханаларды, сондай-ақ басқа да нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеуге жұмсалды.
Компания Бағдарлама жұмыскерлер үшін заманауи, қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға, сондай-ақ әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңартуға бағытталған кешенді жұмысының бір бөлігі болып табылады. Анықтама үшін: Қарағайлы байыту фабрикасы «Карагайлы Тау-кен өндірісі» филиалының құрамына кіреді және Абыз, Ақбастау және Қажықонған кен орындарының полиметалл кенін өңдейді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,4 млн тонна кенді құрайды. Негізгі өнімдері – мыс және пирит концентраты.