"Қазақша білмегендердің бетіне түкіремін!"деген тиктокер үндеу жасады

"Қазақша білмегендердің бетіне түкіремін!"деген тиктокер үндеу жасады

Танымал тиктокер Бек Аман әлеуметтік желіде қазақ тілінде сөйлемегенін мақтанышпен айтатындарға арнап, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

Тиктокер өзі қазақ бола тұрып, қазақша сөйлей алмайтын, сол сөйлей алмағанын кемшілік емес, керісінше, мақтаныш ететіндерге шүйлікті. 

"Өзіміздің тексіз, надан екенімізді мақтан ететін күнге де жеттік. "Мен қазақпын, бірақ қазақша білмеймін" деп мақтанышпен сөйлейтіндер көбеюде. 

Сендер, қазақ емес, ездер, елден кетіп қалыңдаршы! Адамның намысын келтірмей, кетіп қалыңдаршы! 

Қазақ тілін білмейтін бала тәрбиелеп, үйінде орысша сөйлейтін ата-аналар, көздеріңді құртыңдар! Ана тілін сыйламаған сендерді көрсем, беттеріңе түкірер едім!" Деген тиктокер ренішін жеткізді. 

Барлық жаңалықтар