"Қазақша сөйле деп баламды мәжбүрлемеймін!"деген азамат сынға қалды

"Қазақша сөйле деп баламды мәжбүрлемеймін!"деген азамат сынға қалды

Оратор, сахна адамы Қуаныш Жұмабаев "баланы мәжбүрлемеу керек" деп сынға қалды деп жазады Democrat.kz.

"Мен балаларымды басқаша тәрбиелеймін…
Қазақша сөйлеуге мәжбүрлемеймін.
Кешкі 10-нан кейін жатқызуға тырыспаймын.
Сабаққа барғысы келмесе, “бармай-ақ қой” деймін.

Неге?
Өйткені мен үшін бала — жеке тұлға.

Оның да таңдауы, пікірі, шаршаған сәті, шекарасы бар.
Мен оған сенемін. Мен оның өз өмірін өзі басқаруға құқылы екенін мойындаймын.

«Бала үндемей отыру керек» деген түсінікпен өскен ұрпақ — қазір эмоциясын білдіре алмай жүрген ересектер.
Мен сол шеңберді бұзғым келеді.

Менің мақсатым — тыңдай білетін, сенетін, жаны еркін, психикасы сау бала өсіру.
Тәртіп арқылы емес — түсіністік арқылы.

Ал сіздің балаңызбен соңғы рет ашық, шын әңгіме қашан болды?..
Бала тәрбиесінде ең маңыздысы не деп ойлайсыз?.." деп жазды Қуаныш Жұмабаев. 

Барлық жаңалықтар