Елімізде өткен форумдардың бірінде мінберден сөз алған Қытай инвесторы қазақша сайрады, деп жазады Democrat.kz.
«Менің қазақ сияқты шай ішпесем басым ауырады. Соғымға бір сиыр соямыз», – деді ол көпшіліктің қошеметіне бөлене.
Алайда мұны естіген желідегі жұрттың пікірі екіге жарылды. Бірі – қуанбайтын жайтқа баласа, ендібіреулер – қазаққа көрсетілген құрметке таңыды.