Қазақстанның республикалық бюджеті 2026 жылдың алғашқы сегіз айын 2,683 трлн теңге тапшылықпен аяқтады. Мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге ғана 2,62 трлн теңге жұмсалған, деп жазады Democrat.kz.
1 қыркүйектегі бюджеттің орындалуы туралы есепке сәйкес, тапшылық жоспарланған көрсеткіштен 246,6 млрд теңгеге аз болған.
Қаңтар–тамыз аралығында республикалық бюджет кірісі 14,82 трлн теңгені, шығысы 16,97 трлн теңгені құрады.
Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 4,49 трлн теңге бөлінген. Мемлекеттік қарызды өтеу мен оған қызмет көрсету шығыны да айтарлықтай жоғары — сегіз айда 2,62 трлн теңге.
Денсаулық сақтау саласына осы кезеңде 1,12 трлн теңге, білімге 540,1 млрд теңге жұмсалған.
Салықтық түсімдер жалпы жоспардан сәл жоғары болғанымен, қосылған құн салығы бойынша түсім жоспардан 489,3 млрд теңгеге кем түскен.
Ал пайдалы қазбаларды өндіру салығы керісінше жоспардан едәуір асып, шамамен 1,29 трлн теңге әкелген.