Қазақстан Даму банкінің пайдасы 37 пайызға азайды

Қазақстан Даму банкінің пайдасы 37 пайызға азайды

Қазақстан Даму банкінің таза пайдасы 2026 жылдың алғашқы жартысында 37,2 пайызға төмендеп, 60,8 млрд теңгені құрады. Негізгі себептердің бірі — қаржы активтерінің құнсыздануына байланысты шығындардың күрт өсуі, деп жазады Democrat.kz.

Банктің қаржылық есебі Astana International Exchange алаңында жарияланды.

2025 жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда БРК-ның таза пайдасы 37,2 пайызға азайған.

Бұған қаржы активтерінің құнсыздануына байланысты нәтиже айтарлықтай әсер еткен.

2026 жылдың қаңтар–маусымында банк бұл бағытта 18,1 млрд теңге шығын таныған.

Ал бір жыл бұрын дәл осы көрсеткіш бойынша керісінше 4 млрд теңге көлемінде кіріс болған.

Қазақстан Даму банкі әдеттегі бөлшек банк емес. Ол өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым және экспорттық жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыратын мемлекеттік даму институты.

Сондықтан оның қаржылық нәтижелері экономиканың ірі инвестициялық жобалары мен берілген кредиттердің сапасына тікелей байланысты. 

Барлық жаңалықтар