Қоғам белсендісі Сіргелі Әлсерке Түркістан облысындағы заңға қайшы жағдайды баяндап, суретін жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты "Қасымбек Датқа" аулында жолдың бойына, "Адаспа асыл дініңнен" деп жазып қойыпты. Қазақстан - ислам мемлекеті емес. Облыстық ішкі саясат басқармасы, және дін басқармасы қайда қарап отыр?" деп жазды Сіргелі Әлсерке өзінің парақшасында.
Қоғам белсендісінің бұл жазбасына қатысты оқырмандары тиісті мекемелерді белгілеп, мұның заңсыз екенін мәлімдегенімен, өкінішке қарай, әзірге құзырлы мекемеден ешкім ресми жауап бермеді.