Қазақстан Израильге 500 мың тоннаға дейін бидай жеткізуге дайын

Қазақстан Израильге 500 мың тоннаға дейін бидай жеткізуге дайын

Қазақстан Израиль нарығына 200 мыңнан 500 мың тоннаға дейін азық-түлік бидайын жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл отандық астық экспортының географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді, деп жазады Democrat.kz⁠

Бұл мәселе Иерусалимде өткен Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысында талқыланды. Қазақстан тарапы ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен қатар, агротехнологиялар саласындағы байланысты дамытуға да мүдделі.

Астықты Израильге жеткізу үшін Әзербайжан мен Грузия арқылы өтетін көлік дәлізін, сондай-ақ Балтық теңізіндегі порттарды пайдалану мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Келісім жүзеге асса, қазақстандық өндірушілер үшін жаңа өткізу нарығы ашылып, экспорттық бағыттарды әртараптандыруға жол ашылуы мүмкін.

Барлық жаңалықтар