Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда 35%-ға өсті

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда 35%-ға өсті

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2026 жылдың алғашқы жартысында 2,8 млрд долларға жетті. Бір жылдың ішінде Өзбекстан Қазақстанның ең ірі сауда серіктестері арасында сегізінші орыннан алтыншы орынға көтерілген, деп жазады Democrat.kz.

Қаңтар–маусым аралығында Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 2,1 млрд доллар болды.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,5 пайызға жоғары.

Қазақстандық экспорт құрылымы да өзгеріп келеді. Дайын тауарлар мен жартылай фабрикаттардың үлесі ұлғайған.

Ал Өзбекстаннан Қазақстанға импорт алты айда 21,3 пайыз өсіп, 675 млн долларға жеткен.

Импорттағы ең ірі тауарлардың бірі — жеңіл автомобильдердің кузовтары. Олардың құны 81,6 млн доллар болған.

Жалпы екі ел арасындағы тауар айналымы бір жылда шамамен 35 пайызға өсті. 

Барлық жаңалықтар