Қазақстан мұнай-химиясына $12 млрд салмақ: бес ірі зауыт жобасы дайындалып жатыр

Қазақстан мұнай-химиясына $12 млрд салмақ: бес ірі зауыт жобасы дайындалып жатыр

Қазақстан 2030 жылға дейін мұнай-газ химиясында бес ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 12 млрд долларды құрайды, деп жазады Democrat.kz.

Энергетика министрлігі мұнай-газ химиясын экономиканы әртараптандырудың негізгі бағыттарының бірі ретінде дамытуды көздеп отыр.

2030 жылға дейін жалпы құны шамамен 12 млрд доллар болатын бес флагмандық жоба жоспарланған.

Олардың мақсаты шикі мұнай мен газды тек экспорттаумен шектелмей, Қазақстанның өз ішінде жоғары қосылған құны бар өнім өндіру.

Жобалар іске асқан жағдайда полимерлер, химиялық шикізат және басқа мұнай-химия өнімдерінің өндірісі айтарлықтай өсуі мүмкін.

Бұл ішкі нарықтағы импортты азайтып қана қоймай, Орталық Азия, Қытай, Еуропа және басқа нарықтарға экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге мұндай жобалар жаңа өндірістік жұмыс орындарын, инфрақұрылым және сервистік бизнесті қалыптастыруы ықтимал. 

Барлық жаңалықтар