Руслан Берденовті ұжымда Жаңа жылдық мерекелік кешті өткізбей, "мұсылманның мерекесі емес" дегені үшін айыптап, әлеуметтік желіде бір кісі айыптап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде Алматы қаласын дамыту орталығының басшысы Руслан Берденовке қатысты даулы жазба тарады.
Threads әлеуметтік желісінде «nenadojudgeme____» есімді қолданушы шенеунікті діни көзқарасы үшін ұжымдық мерекені шектеді деп айыптады.
Желі қолданушысының жазбасына сүйенсек, аталған мемлекеттік мекемеде Жаңа жылға арналған корпоративтік кеш және қызметкерлерге бюджеттен қарастырылған сыйлықтар мен тәттілер тарату тоқтатылған. Автордың айтуынша, ұжымға бұл шешімнің себебін «Жаңа жыл - мұсылмандардың мерекесі емес» түсіндірген.
Айыптауға орталық басшысы Руслан Берденовтің өзі жауап беріп ақпаратты жоққа шығарды.
«Мен үшін Жаңа жыл – ең алдымен отбасылық мереке, жақындарыммен бас қосып, жылды қорытындылайтын және келесі жылға жоспар құратын тамаша сәт. Ешкім ештеңені алып тастаған жоқ – тойлағыңыз келсе, мархабат, оған ешкім тыйым салмайды. Жалған ақпарат таратпауыңызды сұраймын. Сізге қатысты ақпарат тексеруге жіберілді. Бұл мәселемен қауіпсіздік қызметі айналысып жатыр, уәждеріңізді белгіленген тәртіпте түсіндіруге тура келеді», — деп ескертті Берденов жазба астында.
Қазақстанды қиялдарында "мұсылман елі" деп "жариялап алған кей сауатсыздар Берденовтің сөзін сөйлеп, "дұрыс істеген" деп жаппай қолдап жатыр.
Ал саналы сауатты азаматтар "жауабының өзінде қорқытудан басқа "солай деп айттым" немесе "айтпадым" деген еркектік сөз жоқ", "шенеуніктердің бұлай діни сенімдерін қызметте қолдануы дұрыс емес"дегенге саятын өткір пікірлер жазуда.
Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін Руслан Берденов өзі шенеунік қызметін атқарып, костюм шалбар киіп (далақтаған дамбал көйлек киген кей діни елдер сияқты емес) жүрген Қазақстан елінің әлдебір дінді ұстанатын ел емесін, Қазақстан шариғатпен емес, Ата заңмен, Конституциямен жүретін ел екенін бізден жақсы біледі деп үміттенеміз.
