Қазақстан Орталық Азияда банк активтерінің көлемі бойынша көш бастап тұр

Қазақстан Орталық Азияда банк активтерінің көлемі бойынша көш бастап тұр

Қазақстанның банк жүйесі Орталық Азиядағы ең ірі банк жүйесі болып қала береді. 2026 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша ел банктерінің активтері $140 млрд-қа жетті делінген халықаралық БАҚ басылымында. Онда Қазақстанның банк активтері мен депозиттік портфель көлемі бойынша көршілес мемлекеттерден едәуір озып тұрғаны атап өтілген деп жазады Democrat.kz.

Атап айтқанда, республикадағы екінші деңгейлі банктердің активтері Өзбекстанның деңгейінен 80%-дан астам жоғары, ал Тәжікстанның көрсеткішінен шамамен 24 есе көп. Қырғызстанның банк жүйесінің активтері $13,9 млрд құрады.

Сондай-ақ Қазақстан несие беру және тартылған депозиттер көлемі бойынша өңірде жетекші орын алады. Қазақстан банктерінің депозиттік базасы 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша $96,4 млрд құрады. Бұл Өзбекстанның көрсеткішінен шамамен үш есе көп және Орталық Азияның қалған елдерінің көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары. Жоғарыда атап өтілгендей, ірі депозиттік база банктердің тұрақты қорландырылуын қамтамасыз етеді, жеке секторды несиелеу мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ экономиканы ұзақмерзімді қаржыландыруға жағдай жасайды.

Басылымның бағалауы бойынша, активтер, депозиттер және кредиттеудің ауқымы Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші қаржы орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Барлық жаңалықтар