Қазақстанда 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды

Қазақстанда 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды

ҚР Президентінің көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде осы жылдың соңына дейін 46 теміржол вокзалын жаңғырту аяқталады деп жазады Democrat.kz. UKIMET-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Ол республикада 124 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары басталғанын, жыл соңына дейін оның 46-сында құрылыс жұмыстары аяқталатынын атап өтті.  

«Биыл 175 жаңа заманауи жолаушылар вагоны сатып алынды. 2030 жылға дейін ҚТЖ-ның вагондар паркі толық жаңартылады», 

— деді Нұрлан Сауранбаев.

Барлық жаңалықтар