Қазақстанда қазіргі уақытта 248 мың оқушыға мектептерде орын жетіспейді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді, деп Democrat.kz. сайты Qaz365.kz.-ке сілтеме жасап.
Ведомство өкілінің айтуынша, мемлекет тарапынан бұл мәселені шешу үшін соңғы екі жылда қосымша орындар құру мақсатында 217 жаңа мектеп салынған.
Биыл да білім беру нысандарының құрылысы белсенді түрде жалғасып жатыр. Министрлік мектеп тапшылығын азайту үшін құрылыс жұмыстарымен қатар өзге де тетіктерді іске қосқан.
“Едәуір нәтижеге қол жеткізу үшін биыл 50 мың оқушыға арналған 90-нан астам мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қосымша құрал ретінде біз жекеменшік мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырамыз", – деп атап өтті Жайық Шарабасов.