Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер институты дамып келеді

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер институты дамып келеді

Әлеуметтік қызметкерлер күн сайын қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, балалы отбасыларға және қолдауды қажет ететін өзге де азаматтарға қолдау көрсетеді деп жазады Democrat.kz.

Осы көмектің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және олардың кәсіби деңгейін жетілдіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Соның арқасында мамандар жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, азаматтарға сапалы әрі уақытылы әлеуметтік қолдау ұсынады.

 

Бүгінде еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесінде 12 мыңға жуық әлеуметтік қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 1 251 маман үкіметтік емес секторда жұмыс істейді.

Әлеуметтік қызметкерлердің 55,5 пайызы ауылдық жерде, ал 44,5 пайызы қалаларда еңбек етеді.

 

Олардың басым бөлігі – 9 532 маман арнайы әлеуметтік қызметтерді азаматтардың үйіне барып ұсынады. Бұдан бөлек, 1 020 маман стационарлық ұйымдарда, 998 маман жартылай стационарлық мекемелерде, ал 451 маман уақытша болу ұйымдарында қызмет атқарады.

Барлық жаңалықтар