2026 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанда алқабилер қатысқан соттар 12 адамды ақтаған. Бұл мұндай соттарда шешімі шыққан айыпталушылардың шамамен 10,4 пайызына тең, деп жазады Democrat.kz.
Жылдың алғашқы алты айында бірінші сатыдағы соттар үкім шығарумен аяқталған 13 450 қылмыстық істі қараған.
Соның ішінде бар болғаны 70 іс алқабилердің қатысуымен өткен. Бұл жалпы қылмыстық істердің шамамен 0,52 пайызын құрайды.
Алқабилер қатысқан процестер қорытындысында 103 адам кінәлі деп танылып, 12 адам ақталған.
Осы есеп бойынша ақтау үкімдерінің үлесі 10,4 пайыз, ал сотталғандардың үлесі 89,6 пайыз болған.
Алқабилер сотының жалпы қылмыстық істердегі үлесі әлі де өте аз болғанымен, ондағы ақтау үкімдерінің көрсеткіші сот жүйесіне қатысты пікірталас үшін маңызды статистика болып отыр.