Қазақстанда Эфиопия тауарларына арналған жаңа сауда хабы пайда болуы мүмкін

Қазақстанда Эфиопия тауарларына арналған жаңа сауда хабы пайда болуы мүмкін

Қазақстан мен Эфиопия кофе, шай, гүл және басқа африкалық тауарларды Орталық Азияға жеткізетін жаңа сауда-логистикалық хаб құру мүмкіндігін талқылады. Бұл мәселе Тоқаев пен Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедтің кездесуінде көтерілді, деп жазады Democrat.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делидегі БРИКС саммиті аясында Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы сауда мен инвестиция көлемін арттыру мүмкіндіктерін талқылады.

Әсіресе Эфиопиядан Қазақстанға кофе, шай, гүл және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мәселесіне назар аударылған.

Қазақстан аумағында Эфиопия өнімдерін тек ішкі нарыққа емес, Орталық Азияның басқа елдеріне тарататын сауда-логистикалық хаб құру ұсынысы қарастырылған.

Қазақстан өз кезегінде Эфиопия нарығына астық, ұн, тыңайтқыш, металл өнімдері және басқа өнеркәсіптік тауарлар экспортын арттыруға мүдделі.

Екі тарап тікелей іскерлік байланыстар мен логистикалық маршруттарды дамытуға келісті. 

Барлық жаңалықтар