Қазақстанда жаңа интернет-алаяқтық тәсілі пайда болды

Қазақстанда жаңа интернет-алаяқтық тәсілі пайда болды

Ішкі істер министрлігі азаматтарды пәтер мен қонақүй брондау қызметтері арқылы жасалатын жаңа алаяқтық схемадан сақ болуға шақырды. Алаяқтар интернетте танымал брондау платформаларының атынан әрекет етіп, пайдаланушылардың банк картасы деректерін қайта жіберуді сұрайды – бұл деректер бұған дейін аккаунтта тіркелген болса да.

Алаяқтар қалай әрекет етеді?

Жалған фишингтік сайттар мен жасанды аккаунттар арқылы пәтер иесі немесе брондау сервисінің әкімшісі ретінде байланысқа шығады;

Содан кейін азаматтардан банк картасының деректерін қайта жіберуді сұрайды, сөйтіп олардың ақшасына қол жеткізеді.

Полицияның сақтық шаралары бойынша кеңестері:

Сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз – фишингтік сайттарда домен атауында кішкентай өзгерістер болуы мүмкін (мысалы, “.com” орнына “.net”);

Арендалық келіссөздер кезінде картаның деректерін жазбаңыз;

Күдікті түрде арзан ұсыныстарға сенбеңіз;

Хабарландырудағы пікірлер мен жарияланған уақытына назар аударыңыз – ұзақ уақыттан бері жарияда тұрған хабарлама сенімділіктің белгісі;

Толық алдын ала төлемнен бас тартыңыз, әсіресе пәтер шын мәнінде бар екеніне көз жеткізбесеңіз .

Мессенджерден немесе поштадан келген күмәнді сілтемелерге өтпеңіз – олар жалған сайттарға апаруы мүмкін;

Брондау үшін тек ресми, сенімді сайттарды пайдаланыңыз (мысалы: Airbnb, Booking.com).

Барлық жаңалықтар