Жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда. Тексерулер барысында бірқатар кәсіпорындарда жұмыскерлер алдындағы жалақы бойынша берешек анықталды деп жазады Democrat.kz.
Жұмыс берушілермен бірлесіп жалақы берешегін өтеу жөніндегі кестелер әзірленіп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынған. Соның нәтижесінде жүздеген жұмыскердің құқықтары қалпына келтірілді.
🔹 3,6 мыңнан астам тексеру жүргізілді;
🔹 Жұмыс берушілерге анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді;
🔹 Жұмыскерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Дереккөз: Еңбек министрлігі.