Қазақстанда смартфон сатудың жаңа тәртібі күшіне енді

Қазақстанда смартфон сатудың жаңа тәртібі күшіне енді

20 тамыздан бастап Қазақстанда ұялы телефондарды сатуға қойылатын талаптар өзгерді. Енді верификациядан өтпеген құрылғылар сапасыз тауар ретінде қарастырылып, оларды сатуға тыйым салынады, деп жазады Democrat.kz⁠.

Өзгерістер «Байланыс туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты заңдарға енгізілген.

Жаңа тәртіптің басты мақсаты — елге заңсыз әкелінген немесе байланыс желілерінде заңды түрде тіркелмеген смартфондардың айналымын шектеу.

Егер сатылған құрылғы тиісті верификациядан өтпесе, ол талапқа сай емес тауар болып есептелуі мүмкін. Бұл сатушының жауапкершілігін арттырып, сатып алушының да құрылғыны алар алдында оның мәртебесін тексеруіне себеп болады.

Сондықтан жаңа телефон сатып алатын азаматтарға құрылғының заңды түрде әкелінгеніне және байланыс жүйесінде тіркелу мүмкіндігіне назар аудару маңызды. 

Барлық жаңалықтар