Қазақстанда тыйым салынған тумен шыққан адам жұрттың ашуын тудырды

Қазақстанда тыйым салынған тумен шыққан адам жұрттың ашуын тудырды

Әлеуметтік желілерде қоғамның ашу-ызасын тудырған бейнежазба тарады. Видеода белгісіз ер адамның көпшілік алдына Қазақстанда қолдануға тыйым салынған қызыл тумен шығып, ел байрағы туралы жағымсыз пікір білдіргені көрінеді деп жазады Democrat.kz. сайты Kerekemes.kz.-ке сілтеме жасап. 

Ол мемлекеттік туды менсінбей, оны «түсініксіз бір көк ту» деп атаған.

Бұл әрекет желі қолданушылары арасында үлкен наразылық тудырды. Қоғам өкілдері ер адамның мемлекеттік нышанды қорлағанын және егеменді елдің символына тіл тигізгенін қатаң айыптап жатыр.

Қазақстандықтар құзырлы органдардан аталған азаматты тез арада анықтап, мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін заң алдында қатаң жауапқа тартуды талап етуде.

Барлық жаңалықтар