Бразилиялық Furia командасында өнер көрсететін қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко футбол жұлдызы Неймар Жуниормен кездесті, деп хабарлайды Democrat.kz.
Counter-Strike 2 ойынының шебері желідегі парақшасында әйгілі футболшымен бірге түскен бірнеше суретін жариялаған. Бұл жазбаның астына қазақстандықтармен қатар бразилиялық жанкүйерлер де белсенді түрде өз пікірлерін қалдырып жатыр.
Жалпы Неймар отандасымыздың карьерасын бұрыннан қадағалап, оған бірнеше рет көпшілік алдында қолдау білдірген. Мәселен сәуір айында Данил IEM Rio ірі турниріне қатысу үшін Бразилияға барған кезде футболшы оның суретін өз парақшасында бөліссе, өткен күздегі FISSURE PLAYGROUND 2 турниріндегі жеңісінен кейін де арнайы құрметін көрсетіп пікір жазған.