Қазақстандық мұғалім әлеуметтік желідегі парақшасында Беларус президенті Лукашенкоға сәлем жолдап, разылығын білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Беларус президенті Батькаға ризамын. Елін уысында ұстап, басқарып отыр. Батька үшін Беларус есігінің алдындағы бау бақшасы, қора қопсысы сияқты. Әр тауығын танитындай, ол да елінің бүкіл адамының түріне дейін танитын сияқты.
Беларустың бүкіл секторын жіті бақылауында ұстап, бүкіл проблеманы өзі шешуге белсене кіріседі. Осы жерден Батькаға ризашылығымды білдіріп, сәлем жолдағым келеді" деген педагог Қазақстан Президентінің де дипломаттық ерекше қасиетін айтып өтті. (Мақаланы ұрлап, өңін өзгертіп, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)