Танымал америкалық топ Backstreet Boysты қазақстандықтар моншаға түсіріп, демалыс сыйлап шығарып салды.
Өнер иелері саунада жүрген фотоларын жеке парақшаларына жариялады.
"Қазақстандағы концерттеріміз арасында аздап демалып, тынығуға уақыт таптық", – делінген жазбада.
Топ солистері Ник Картер мен Брайан Литтрелл Қазақстанға жасаған сапары туралы айтып, көрермендерге жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.
"Қазақстанда ғажайып уақыт өткіздік. Бізді керемет жылы қабылдады. Әлемнің түкпір-түкпірінде жанкүйерлерімнің бар екеніне қуаныштымын. Өнер – бәрімізді біріктіретін күш. Өз атымнан ағаш отырғыздым", – деп жазды Брайан Литтрелл.