Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағының 100 пайызын жеке компанияларға бере алады

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағының 100 пайызын жеке компанияларға бере алады

7 қыркүйектен бастап Қазақстанда зейнетақы жинағын басқарудың жаңа тәртібі күшіне енді. Енді салымшылар жинағының 100 пайызына дейін жеке инвестициялық басқарушыларға сеніп тапсыра алады, деп жазады Democrat.kz.

Бұған дейін міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражаттың ең көбі 50 пайызын ғана жеке басқарушы компанияларға беруге болатын. Енді бұл шектеу алынып тасталды.

Салымшы қаражатын бір компанияға ғана емес, бірнеше басқарушы арасында бөліп орналастыра алады. Сонымен бірге ақшаны Ұлттық банктің басқаруында қалдыру мүмкіндігі де сақталады.

Қазір нарықта Ұлттық банктен бөлек алты жеке инвестициялық портфель басқарушысы жұмыс істейді. Олардың табыстылығы мен инвестициялық стратегиясы әртүрлі.

Маңыздысы — бұл өзгеріс зейнетақы ақшасын қолма-қол шешіп алуға мүмкіндік бермейді. Азамат тек жинағының қалай инвестицияланатынын таңдауға көбірек еркіндік алады.

Жеке компанияны таңдау кезінде тек соңғы айлардағы жоғары табыстылыққа емес, ұзақ мерзімді нәтижеге, комиссиясына және тәуекел деңгейіне назар аударған жөн. 

Барлық жаңалықтар